Уақытты босқа шашуға уақыт жоқ

Published 26.02.2016 by misspi01

3a21b360-c2c1-11e2-baeb-002655b2dcab_enl

                                                      Сағаттар сырғиды, минуттар жылжиды…

Соңғы кездері өмірім қарбаласқа толы болып кетті, уақыт жоқ. Сабақтар көбейіп, тапсырмалар қиындай түсті. Әлеуметтік өмірде өзім қызығатын «Orlean» би тобы, «SSfamily» (журналистердің шығармашылығымен айналысатын ұйымы) мен дебат клубына да көп уақытым кетеді.  Университетте таңертеңнен кешке дейін боламын. Демалатын бос кезім жоқ. Тіпті, кітап та оқи алмай жүрмін.Ойлап отырсам, осының барлығы маған керек пе? Қайран минуттар мен сағаттар босқа кетіп жатқан жоқ па? Одан да пайдалы істермен айналысқаным жөн емес пе?

Көппен бірге арман деген асуға асығып бара жатырмын. Бір сәт аялдап, ол жаққа не үшін бара жатқанымды білуім керек. ТОҚТА! ОЙЛАН! Дұрыс бағытты таңда! Болашақтың іргетасын дұрыс қалау – бүгінгі күнге байланысты. Әр минут, әр секунд өмірде «АДАМ» болып қалыптасуым үшін тәжірибе болуы қажет. Үйде ата-анам үлкен үкілеген үмітін артып отыр. «Осы қызым адам болсын» деп 18 жыл бойы маған «инвестиция» құйып келеді. Солардың бәрін қайтаруым үшін, өмірден қалағанымды алу үшін маған керегі – уақытымды тиімді пайдалану.

«Барлығына үлгеру» деген ұран қатты ұнайды. Өмірге келген соң көп нәрсені көру керек. Оқу, білімге де, демалуға да, өнерге де, сұлулық пен сәнге де – бәріне уақыт таба білу маңызды. 24 сағат маған да, саған да, байлар мен ғалымдарға да берілген. Демек, барлығы ниет пен талапқа байланысты. Еңбекқор болсаң, жемісің көп болады.

Мақсаттарыма жетіп, арманымда өмір сүру үшін көп еңбектенуім қажет.Соңғы кездері осындай ойлар қатты мазалап жүр. Осы жазбаны оқу барысында сендердің уақыттарыңды алғаным үшін де кешірім сұраймын. Мұны жазуға да талай минуттар кетіп жатыр. Негізі, айтқым келгені, барлығымыз бір ойланып, дұрыс жол тауып, уақытымызды тиімді өткізейік. Қайта келмес қазынаны керексіз нәрсеге жұмсамайық. Қолыңдағы ақшаны пайдасыз нәрсеге жұмсағанда ішіңнің күйгені тәрізді, уақытты да бағалауымыз тиіс.

«Артық білім кітапта, ерінбей оқып білуге» дейді ғой. Мен уақытымды бөлгеніме өкінбейтін нәрсем де сол – кітап оқу. Орташа есеппен, адам өмірінің 25 жылын ұйқымен өткізеді екен. Ұйқы арсыз дейді ғой, осы арсызды азайтып, оның орнына кітап оқу теңіздей ақыл береді. Ендеше, достар, сіздерден шынымен өтініп сұрарым – уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар!»Бір минут уақыт деген сөз, бір үзік менің ғұмырым»…

Уақытты үнемдеу жолдарын білсеңіздер, пікір қалдырып,мені қуантыңыз!

 

Advertisements

8 comments on “Уақытты босқа шашуға уақыт жоқ

  • Өзіңмен келісемін, Перизат! Уақыттың мселесі мені де алаңдатады. Тек сабақ оқумен шектеліп қалмай, сүйікті істеріміз бен кітапқа да уақыт табуымыз қажет.

    Liked by 1 person

  • Жалпы, сізге жəне оқырмандарыңызға Алмас Темірбайдың «Уақыттың қадірі» атты өлеңін оқып көруге кеңес берер едім.

    Liked by 1 person

  • Пікір қалдыру

    Fill in your details below or click an icon to log in:

    WordPress.com Logo

    You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

    Twitter picture

    You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

    Facebook photo

    You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

    Google+ photo

    You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

    Connecting to %s

    %d bloggers like this: